«Қазгидромет» РМК 31 наурызға дейін жасаған гидрологиялық болжамға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында қардың тез еруі және еріген су ағынының қалыптасуы күтілуде. Бір апта ішінде өңірде жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, осы аптада ауа температурасы түнде және күндіз көтеріледі деп күтілуде. Кейбір күндері термометр бағанасы 13-15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
— Өткен аптада Есіл өзені бойынша Сергеев су қоймасына дейін жинақталған ылғал қорының көлемі 314 млн. текше метрге дейін азайды және шамамен 8,5 млрд. текше метрді құрайды. 31 наурызға дейін су ағынының болжамды көлемі — 4-6 млн. текше метрді құрады. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3,5-5,5 миллион текше метрді құрады. Бір апта ішінде қардағы су қоры– 108 – ден 104 мм – ге дейін аздап азайды,- делінген «Қазгидромет» РМК жариялаған ақпаратта.