Семейде футзалдан есту қабілеті нашар спортшылар арасында ел біріншілігі өтті. Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған команда үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алты күнге шақталған жарыста еліміздің барлық өңірлерінен футзал командалары бақ сынады. Ел біріншілігінде шымкенттік аяқдопшылар алтын медальдарға ие болса, екінші орын Алматы қаласынан келген есту қабілеті нашар спортшыларға бұйырды. Үздік үштікті солтүстікқазақстандықтар түйіндеді. Солтүстік Қазақстан облысының футзал командасы сапында «Үміт» спорт клубының мүшелері ойнады. Жерлестерімізге кубог пен бағалы сыйлықтар берілді.