СҚО-да тыйым салынған діни әдебиеттерді алып өткізбек болған адам жауапқа тартылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да тыйым салынған әдебиеттерді алып өткізбек болған ер адамға 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанға тыйым салынған әдебиеттерді тасымалдау әрекеті Ресей Федерациясының Қорған облысымен шекарада, Жаңа жол өткізу пунктінде тіркелді. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мамлют ауданы ПБ қызметкерлерімен және шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 27 жастағы ер адамнан діни мазмұндағы кітапты тәркіледі. Бұл кітап 2020 жылы елорданың Есіл аудандық сотының шешімімен экстремистік және террористік әдебиет деп танылған.

Ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Мамлют ауданының әкімшілік соты оған 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға тек ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы айқындаған стационарлық үй-жайларда ғана жол берілетінін еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz