СҚО-да алдағы 5 жылда 100 млн. ағаш көшеті отырғызылады

СҚО-да алдағы 5 жылда 100 млн. ағаш көшеті отырғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыста 1652 гектар алқапқа 6,9 млн. дана көшет отырғызылды. Алдағы бес жылдың ішінде 20 мың гектар аумаққа 100 млн. көшет отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, былтыр ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары мен орман шаруашылықтарына қажетті техниканы сатып алу үшін 131 млн. теңге бөлінсе, жалпы өткен 4 жыл ішінде жергіліктті бюджет 436 млн. теңге қарастырылған болатын.

– Облыс басшылығының қолдауымен орман шаруашылықтарының техникасы жаңартылды. Қазіргі күні өңірдегі  орман мекемелерінде 27 өрт сөндіру автокөлігі, 94 трактор, 30 өрт сөндіру ыдысы, 765 радиостанция, патрульдік автомобильдер мен жабдықтар бар. Аққайыңдар өлкесінде орман шаруашылығы саласында айтарлықтай инвестициялар тартылып, ағаш өңдеу саласында жаңа жобалар іске асырылуда. Мәселен, түрік инвесторлары ламинатталған фанера шығару жобасын іске асыру мақсатында 2 млрд. теңгеден астам қаржы салған. Өнім шығару көлемі жылына 27 мың текше метрге дейін жетеді. Мемлекеттік орман қорының учаскелері ағаш дайындаудан тыс рекреациялық мақсаттар үшін де беріледі. Облыс аумағында тұрғындарға демалыс қызметін ұсыну үшін орман учаскелерін 28 кәсіпкер жалға алған, — дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Президенттің орман отырғызу көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылы – 4100, 2024 жылы – 6350, 2025 жылы 7000 гектарға ұлғаяды деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz