Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4 мың гектардан астам көшет отырғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 4100 гектар жерге көшет отырғызу жоспарлануда. Көктемде 1643 гектар алқапта жұмыстар аяқталып, 7,7 миллион көшет отырғызылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, өткен жылы орман мекемелері 1652 гектар жерге 6,9 миллион түп қайың мен қарағай көшеттерін отырғызған.

Ормандардың өсімін молайту туралы мәліметтер орман отырғызудың республикалық интерактивті картасына енгізіледі. Жұмыстың қарқынын кез келген адам көре алады.

Өңірде ағаш кесу тұрақты бақылауда. Ғарыштық мониторинг көмегімен де қадағаланады. Биыл алты текше метрді заңсыз кесу фактісі анықталды.

«Өткен жылы 547 мың текше метр ағаш кесілсе, оның 370 мың текше метрден астамы халыққа отынға берілді. Орман пайдалану төлемі 366 млн теңгені құрады», — деп толықтырды басқармада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz