Kozybayev University — дің 500 студенті Coursera-да оқиды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық 500 студент IT, педагогика, психология, инклюзия, бизнес және басқару сияқты бағыттар бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде 50 курстан тегін өтуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljar.tv сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақтандық жоғары оқу орындарының студенттеріне Coursera халықаралық білім беру платформасында тегін білім алу мүмкіндігін берді. Мұнда әлемдегі жетекші университеттер — Стэнфорд, Йель, Беркли және басқалардың курстары ұсынылған. Жоба Kozybayev University-де де енгізілуде.

Аталған оқыту 4 аптаға созылатынын айта кеткен жөн. Ол аяқталған соң сертификат табыс етіледі. Coursera жобасы 77 миллионнан астам студентті қамтиды және 270-тен астам университеттермен және компаниялармен ынтымақ орнатқан. Шетелдік профессорлардың еңбектеріне және әлемнің жетекші компанияларының үздік тәжірибелеріне қол жеткізу бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz