СҚО полицейлері синтетикалық есірткі тасымалдаудың жолын кесті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері 200 граммға жуық синтетикалық есірткі тасымалдаудың алдын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдерінің назарына Петропавл қаласының 40 жастағы тұрғыны ілікті. Ол СҚО Прокуратурасының үйлестіруімен Астана қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп ұсталды. Операция кезінде ер адамның сөмкесінен кристалл тәрізді заттың екі орамасы табылды. Сараптама көрсеткендей, бұл жалпы салмағы 199,35 грамм болатын α-PvP синтетикалық преппараты болып шықты.

– Қала тұрғыны есірткінің бұл партиясын елордадан Петропавл аумағында таратуды көздегені мәлім болды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті қамауға алынды, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz