СҚО-да қызыл жалын 10 адамның өмірін қиды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста қызыл жалын 10 адамның өмірін қиды. Сондай-ақ 3 өңір тұрғыны түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жалпы соңғы үш айдың ішінде облыс аумағында 108 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға аз болғанымен, қызыл жалын салдарынан көз жұмғандар қатары едәуір көп. Осы тақырып төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте ұйымдастырылған брифингте қозғалды.

СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің сөзінше, өрт оқиғаларының басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында орын алды. Ол жалпы төтенше жағдайлардың 76 пайызын құрап отыр.

– Ауа райының күрт жылынуымен даладағы құрғақ шөптер де жануы мүмкін. Кішкентай ғана темекі тұқылынан қайғылы оқиғалар орын алуы ықтимал. Өткен жылдың өзінде саяжай қауымдастығына тиесілі учаскелер өртке оранды. Салдарынан 200-ден астам шағын үй өртеніп, 85-сі толығымен жанып кетті, – деді Дмитрий Растихин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz