СҚО-да еңбек заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Былтыр облыста еңбек заңнамасын бұзудың 450 фактісі тіркеліп, 130 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Еңбек заңнамасына сәйкес, әрбір жұмыс беруші өз қызметкерлерімен еңбек шартын жасасулары қажет. Бүгіннің өзінде облыс бойынша мұндай 5200 ұжымдық шарт жасалды. Өкініштісі, құжатта көрсетілген талаптарды орындамаудың фактілері жиі кездеседі. Өткен жылдың өзінде еңбек инспекторлары 450-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Осылайша 227 жұмыс берушіге ұйғарым беріліп, 130 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде 698 қызметкердің құқығы қорғалды.

– 2022 жылы өндірісте 38 жазатайым оқиға орын алып, 44 адам зардап шекті. Бұл фактілерді тыю мақсатында еңбек инспекциясы облыстық кәсіподақпен бірлесіп, 2021-2023 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Бүгіндері өңірдің өндіріс ошақтарында 134 арнайы кеңес жұмыс істейді, – дейді СҚО еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі Марат Омаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz