Тыйым салынған заттарды сақтаудың 16 дерегі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері бес күннің ішінде тыйым салынған заттарды сақтаудың 16 дерегін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есірткі заттарының медициналық мекемелердегі заңды айналымы тек белгіленген талаптарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Аталған талаптардың Солтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінде қаншалықты сақталып жатқанын «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер тексерді. Барлығы 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың барлығы Петропавл қаласының аумағында тіркелді.

Екі факті құжаттарды жүргізуге қатысты болды, бұл заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану қаупін тудыруы мүмкін. Тағы бір жағдайда есірткі заттарын сақтауға арналған бөлмеде бөгде заттар болған, бұған қатаң тыйым салынады. Ал спорт мекемелерінің бірінде прекурсорларға жататын тұз қышқылын сақтауға қажетті жағдай жасалмаған. Басшылық әкімшілік жауапкершілікке тартылды, заңбұзушылық жойылғанға дейін салмағы 137,5 келі қышқыл тәркіленіп алынды.

– Жедел-профилактикалық іс-шараның 5 күні ішінде облыста фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық өнімдер айналымы саласындағы қағидаларды бұзу, сондай-ақ есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылуына қатысты талаптарды бұзу фактілері бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz