Жақында Петропавл қаласы ПБ екінші полиция бөлімінің қызметкерлері локомотив депосының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгінгі таңда ең көп таралған алдау схемасы — ғаламторда жарнамалық тауарлар мен қызметтерді сатудағы алаяқтық. Полицейлер аталған жиында осыған мысал ретінде Сергеев қаласында көліктерді сату туралы хабарландыруларды келтірді. Көбінесе қылмыскерлер осы аудан орталығындағы мекенжайларды көрсетеді. Олар байланыстың нашарлығын сылтауратып, бейнеқоңырау режімінде “сатылатын көлікті” көрсете алмайтындарына сендіреді. Алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды.
– Егер сатушының адалдығына көз жеткізу мүмкін болмаса, ғаламтордағы хабарландыруларға сенбеу керек. Алдаудың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе желілік алаяқтар өздерінің айла-амалдарын заманауи ақпараттық технологияларды шарлау қиындық тудыратын зейнеткерлерге бағыттайды, — деді екінші ПБ бастығы Талғат Смағұлов.
Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері үнемі профилактикалық жұмыстарды жүргізетінін айта кеткен жөн. Олар әртүрлі еңбек ұжымдарымен кездесіп, желілік алаяқтардың айла-амалдары туралы мүмкіндігінше көп адамға айтады.
Тәртіп сақшылары сондай-ақ “банктен келген қоңырауларға” сенуге болмайтынын еске салды. Алаяқтар жәбірленушілерді барлық қаражатты белгілі бір “сенімді шотқа” аудару арқылы қауіптің алдын алуға болатынына сендіреді. Шындығында, бұл шотты қылмыскерлер басқарады. Жалған банк менеджерлері сонымен қатар құпия деректерді, мысалы, ЖСН және SMS арқылы келетін бір реттік кіру кодын сұрап алады. Бұл ақпарат шабуылдаушыларға жәбірленушінің шоттарын қашықтықтан басқаруға көмектеседі.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі