СҚО-да полицейлер «Астық — 2023» жедел іс-шарасын өткізуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицияның мобильді топтары егін жинау науқаны кезінде ұрлықтың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Солтүстік Қазақстан полицейлері “Астық – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуді жалғастырып жатыр. Оның аясында түнгі рейдтер, дала жолдарындағы тексерулер, бейнекамераларды орнату қажеттілігін түсіндіру қолға алынған.

“Астық – 2023” операциясының басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірушілерін сақтап қалуға жәрдемдесу, жанар-жағармай материалдарын, гербицидтер мен қосалқы техника бөлшектерін ұрлаудың алдын алу мен ашуға бағытталған. Осы мақсатта облыстағы 13 ауданның әрқайсысында мобильді топтар құрылған. Олардың құрамында тәжірибелі жедел қызметкерлер, учаскелік және патрульдік полицейлер бар.

Биылғы орақ науқаны кезінде Жамбыл ауданының аумағында бір ұрлық тіркелген. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері бұл қылмыс түрінің 11 фактісі анықталған.

– Бұрын ашылған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері көбінесе кәсіпорын қызметкерлерінің өздері, маусымдық қылмыстарға қатысты болып жататындығын көрсетеді. Сондықтан да шаруа қожалықтары өз объектілеріне бейнебақылау камераларын орнату және физикалық күзеттің қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз, – деп атап өтті СҚО ПД ПКП бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов. “Астық – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы 10 қазанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz