Петропавлда гір көтеруден ел біріншілігі өтіп жатыр. Жарысқа 350-ге тарта спортшы өатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстан чемпионатында жасөспірімдер, жастар, ересектермен қатар ардагерлер спортшылар қатысуда. Жарыс қатысушылары жас ерекшеліктері мен салмақ дәрежелері бойынша өз араларында мықтыны анықтап жатыр.
– Ел біріншілігінде топ жарғандар Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысуға жолдама алады. Бұл сайыс мамыр айының 4-і мен 7-сі күндері аралығында ұйымдастырылады. Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар гірді жұлқа көтеру бойынша сынға түсті. Бүгін серпе көтеруден бақтарын сынамақ, – дейді ҚР гір көтеру спорты федерациясының вице-президенті Құрманғали Батырбаев.