СҚО-ның жас актері «Театр барысы» турнирінде жеңімпаз атанды

Авторы: Qyzyljar News

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен театрлар арасында «Театр барысы» республикалық турнирі өтті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 4 курс студенті, бүгіндері С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ-драма театрында қызмет етіп жүрген жас актер Жанболат Қонысбек үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
Жарысқа еліміздің 17 облысындағы театр және кино актерлерімен қоса Қобыланды Болат және Саят Мақұлбаев сынды жалпы есепте 48 актер қатысты. Жоба авторы – театр және кино актері, үш дүркін «Өнер барысы», музыкалық жас көрермен театрының актері Асылхан Төлепов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz