Петропавлда көпқабатты әр үшінші үй ғана басқарудың жаңа формасына көшті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Пәтер иелері кооперативтерінен бас тартып, үйді басқарудың жаңа формасына көшуге небары 3 ай қалса да, Петропавлда бұл жұмыс баяу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев тұрғындармен кездесуде көпқабатты үйді басқарудың жаңа формасына көшудің маңыздылығын еске салды.

1 шілдеден бастап Пәтер иелері кооперативтері жұмысын тоқтатады. Алайда тұрғындар таңдау жасауға асығар емес. Мәселен Петропавлда 1073 көпқабатты тұрғын үй бар, соның тек 367-сінде, яғни 30 % ғана мүлік иелері бірлестігі тіркелген.

— Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына да тоқтала кетсем. Бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік бағдарлама аясында былтыр 18 көпқабатты үйде күрделі жөндеу жүргізілді. Осы мақсатқа 1 млрд теңге жұмсалды. Биыл жоспар бойынша 4 көпқабатты үйде шатыры ауыстырылып, 5-еуінде 20 лифт ауыстырылмақ. Бағдарламаға қатысу үшін қала әкімдігіне келіп, өтініш қалдыру қажет. Біз оны тиісті органдарға жібереміз. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін жұмыс басталады. Оған қатысу үшін тұрғындардың ортақ шешімі керек, — дейді Руслан Аңбаев.

Сонда-ақ биыл Петропавлдың аулаларына балаларға арналған 20 ойын кешені және спорттық тренажерлердің 30 кешені орнатылмақ. Тұрғындар кезекті қалалық әкімдіктің ресми сайтынан біле алады.

— Алаңдарға кешендерді орнату жұмыстары белсенді тұрғындардың және мүлік иелері бірлестіктерінің қатаң қадағалауымен жүзеге асуы тиіс. Кейін жұмысты қабылдап алатын да МИБ төрағалары. Жаңадан пайдалануға берілген ойын алаңдары МИБ-ке сенімгерлік басқаруға беріледі. Сондықтан төрағалар да, тұрғындар да оның бүлінбеуіне жауапкершілікпен қараулары тиіс, — дейді қала әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz