Петропавл қаласы мәслихатының төрағасы лауазымына Арман Бердағұлов сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының бірінші сессиясы өтті. Жаңадан сайланған халық қалаулылары қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Кеңес Мұқышевтің қолынан куәліктерін алып, депутаттық төс белгілерін тақты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында алдымен қалалық мәслихаттың төрағасы сайланды. Бұл лауазымға депутат Лаура Қайыржанова Арман Бердағұловтың кандидатурасын ұсынып, әріптестері қолдады.

– Мен 2016 жылдан бері қалалық мәслихатта депутаттармен бірге иық тіресе жұмыс істеп келемін. Сіздердің және тұрғындардың сенімін ақтауға бар күш-жігерімді саламын. Әділетті Қазақстан құру жолында аянып қалмаймын деп уәде беремін, – деді қалалық мәслихаттың төрағасы Арман Бердағұлов.

Сессияда халық қалаулылары өз араларында тұрақты депутаттық комиссиялардың төрағаларын ашық дауыс беру арқылы сайлады. Қала бюджеті, қаржы, экономика және қоршаған ортаны қорғау саласына жауапты болып, Марат Ысқақов тағайындалды. Ал әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі сұрақтар бойынша Лаура Қайыржанова жұмыс істейтін болды. Депутаттық қызмет, заң, тұрғындардың құқықтары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты мәселелерге Павел Афанасьев жауап береді. Әр комиссия құрамында – 6 депутаттан қарастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz