СҚО-да алимент төлемей жүрген 9 адам табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері үш күннің ішінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 адамды тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер өңір полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері өткізді.

Тайынша ауданының шалғай ауылдарының бірінде 3 жасар қызы алдындағы қарызын өтеуден қашып жүрген 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды. 27-29 наурыз аралығында аумақтық полиция бөлімшелерінің күштерін тарта отырып өткізілген акцияның 3 күнінде 9 алимент төлемейтін және алты борышкер анықталды.

– Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын жоғалтқан адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, олар мемлекетаралық іздеуде деп жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz