СҚО-да туберкулезден 14 адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы туберкулезге 210 адам шалдығып, 14-і көз жұмды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісовтың айтуынша, жыл сайын туберкулезді алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылдың өзінде өңірдің 330 мыңға жуық тұрғыны флюрографиялық тексерістен өтіп, 181-інде ауру белгілері анықталды.

– Тексерістен өткен тұрғындардың 36 мыңнан астамы кәмелеттік жасқа толмағандар екенін айтқан жөн. Олардың арасынан 2 балада туберкулез ауруы анықталды. Бүгінгі таңда өңірдің емдеу мекемелерінде 44 флюрографиялық қондырғы бар, 13-і — жылжымалы, – дейді Құмар Күсемісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz