Қоғамдық кеңесте оқушыларды тамақтандыру жайы қозғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қоғамдық кеңесте мектеп оқушыларын тамақпен қамтамасыз ету жайы қаралды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Елена Гонтарь өңіріміздегі 450 мектепте бір реттік тамақтандыру ұйымдастырылғанын, оның ішінде 439 мектепте ыстық тамақ берілсе, 11 мектепте буфет жұмыс істейтінін жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері облыстық білім басқармасы бөлінген қаржыға сәйкес төрт апталық мәзір әзірледі. Оған сәйкес қала мен аудандар өз ас мәзірін бекітті. Петропавл қаласында тамақтану құны — 550 теңге, аудандарда 500 теңгені құрап отыр.

– Бүгінгі таңда бастауыш сыныптарда 31180 бала оқиды. Оның 9102-сі тегін тамақпен қамтылған. Алдағы оқу жылында бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту үшін басқарма бюджеттік комиссияға 1052,2 млн.теңгеге өтініш жіберді, – деді Елена Гонтарь.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz