Апат айтып келмейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста алты мыңнан астам адам өмір сүріп жатқан 85 елді мекеннің су астында қалу қаупі жоғары, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары Берік Ғабдулиннің айтуынша, су тасқынын алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы биліктің 1 485 адамынан және 1183 техникамен қамтамасыз етілген арнайы топтар құрылған. Сонымен қатар қауіпсіз жерге көшірілгендерді қабылдайтын 257 пункт, 109 жүзу құрылғылары, 15,5 мың тонна инертті материал даярланған.

– Жер үйде тұратын әр адам маңайын қардан тазалауы тиіс. Қыс бойы қарды үйдің маңына үйе бермей, оны сыртқа шығарып, алдын алу жұмыстарын жасауы керек. Үйінің жанындағы арықтарға қоқыс төкпей, оны тазалап отыру маңызды. Бірақ тұрғындардың көбісі осы қарапайым шаруаларды істемейді. Соның салдарынан көктемде қарғын судан зардап шегеді, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Сәкен Ағзамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz