26 жастағы жігіт «оқушы қызбен» кездесуге барған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында оқушы ер бала қыздың атынан аккаунт ашып, 26 жастағы жігітті кездесуге шақырған. Кездесу соңы жанжалмен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

— 31 наурыз күні облыс орталығындағы мектептердің бірінің оқушысы кәмелетке толмаған қыздың атынан жалған аккаунт құрған. Осы аккаунттан хат алмасу барысында 26 жастағы қала тұрғынымен кездесу белгіленген. Оған жасөспірім достарын еріте барған. Ер адам мен кәмелетке толмағандар арасында жанжал басталып, соңында полиция қызметкерлері шақырылған. Бұл факт Петропавл қаласы Полиция басқармасының Ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Кәмелетке толмағандармен заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, — делінген полиция хабарламасында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz