СҚО әкімі: «Әр ауылды сапалы ауыз сумен қамту қажет»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы елді мекендер тұрғындарын сапалы тіршілік нәрімен қамту үшін 16 млрд. теңге бағытталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтардың 84 пайызы сапалы ауыз суды пайдаланады. Өкіншітісі қалғандары өзге ауылдардан суды жеткізумен әлек. Бұл мәселе облыс әкімінің жіті назарында.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Павел Шилов биыл су желілерін тарту жұмысының ауқымы 22,8 мың тұрғыны бар 35 елді мекенді қамтитынын жеткізді. Бұдан бөлек, 250 шақырым су желісі қайта жаңғыртылып, бір мыңға жуық үйге сапалы ауыз су тартылатынын айтты.

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров барлық ауданда бөлінген қаражаттың уақтылы игерілуін қадағалауды, жобалардың жоспарға сәйкес іске асырылуына жағдай жасауды, өз міндетіне салғырт қараған мердігерлермен келісім-шартың күшін жоюды, қала әкіміне су тарату желілерін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжатты уақтылы дайындауды тапсырды. Егер бұл тапсырмалар тиянақты орындалса, жыл соңына дейін өңір халқының 87,9 пайызы тіршілік көзімен қамтамасыз етілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz