Биыл СҚО-да 23,1 млн. ағаш көшеті отырғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыстың орман шаруашылықтарында 4100 гектарға 23,1 млн. дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының мәліметінше, үстіміздегі жылы Есіл ауданына қарасты Явленка ауылы маңында 28 гектар жерге орман тәлімбағын құру жоспарлануда. Бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 284 млн. теңге қаржы қажет. Қомақты қаражат қажетті техника, қондырғыларға, электр қуатымен жабдықтау және арнайы мамандарға жалақы төлеуге жұмсалады.

– Мемлекет басшысы халыққа арнаған кезекті Жолдауында ел аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу қажеттігін алға тартқан еді. Бүгіндері облыста Президент бастамасын жүзеге асыруға 2021-2025 жылдарға арналған орман алқаптарын ұлғайтудың кешенді жоспары жасалды. Осылайша 5 жылдың ішінде өңірде 20 мың гектарға 100 млн. көшет отырығызылмақшы. Бүгіндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін интерактивті карта да әзірленді. Оның негізінде 2 млрд. көшет отырғызу жұмыстары ғарыштан тексеріліп, цифрлық мониторинг жүргізіледі, – деді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жетекшісі Бейбіт Исманов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz