Сәуірдің 5-сі күні Петропавл қаласы полиция бақармасы бірінші полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Володарский көшесіндегі бос тұрған алаңдардың бірінде гранатаға ұқсас зат жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ақпаратты растау мақсатында сол жерге жедел түрде полиция департаментінің мамандары жіберілді. Бұл заттың оқу гранатасы екені анықталды. Аталған факті ПБ бірінші полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабына енгізілді. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.