СҚО-да криминалдық полицияның үздік жедел уәкілі анықталды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде “Үздік жедел уәкіл” облыстық байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл сайынғы кәсіби байқауға әр аумақтық бөліністің үздіктері жіберілді. Барлығы оннан астам офицер қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрдып, заңнаманы және нормативтік-құқықтық актілерді білу бойынша тестілеуден өту, атыс дайындығы, дене шынықтыру сияқты сынақтардан тұрды. Арнайы жауынгерлік әдістерді меңгеруі де тексерілді.

Нәтижесінде облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Марат Халимуллин барлық көрсеткіштер бойынша үздік нәтижелер көрсетті. 35 жастағы полиция қызметкері ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етеді. Қарағанды заң институтының түлегі қазіргі уақытта криминалдық полиция басқармасындағы мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінде жұмыс істейді.
Мараттың сөзінше, байқауға қатысу кезінде ерекше қиындықтарға тап болмаған. Ведомстволық жоғару оқу орнында алған білімі мен дағдылары, сондай-ақ үнемі өзін-өзі дамыту және тәрбиелеу байқау барысында үлкен көмек болған.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтің айтуынша, Халимуллин өзін мүліктік қылмыстарды ашумен айналысатын жауапты, сауатты, талпынысы зор қызметкер ретінде көрсеткен. Ол ауыр санаттағы бірқатар қылмыстарды, оның ішінде өткен жылдары жасалған қылмыстардың бетін ашқан. Жақын арада үздік жедел уәкіл Марат Халимуллин Ішкі істер министрлігінде өтетін республикалық байқауға қатысады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz