Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. «Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген» дейді прокурорлар.
— Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, — Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы мектептердің біріне 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып барып, үш оқушыны жарақаттады.