281
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» 2013 жылғы 10 сәуірдегі бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, – деп жазылған құжатта.
Бұйрық 2023 жылғы 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
10 сәуір күні Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады.