Қызметін асыра пайдаланған адвокат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған адвокатқа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, адвокаттың қылмысы прокурорлық тексеру және қылмыстық істерді зерделеу барысында анықталды.

– Адвокатқа кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегін көрсету және ол үшін бюджет қаражатынан ақы алу құқығы берілді. Бірақ бұл қаражатты аз көрген ол заңсыз ақша табу туралы шешім қабылдайды. Прокурорлар мұқият тергеу жүргізіп, адвокат бюджет қаражатын ұрлау мақсатында қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдарының атынан «қорғаушының қызметтері үшін ақы төлеу туралы» 117 жалған қаулы дайындағанын анықтады, – деп түсіндірді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Мемлекетке келтірілген шығын 7 млн. теңгені құрады. Қылмыстық іс сотқа екі бап, яғни алаяқтық және ресми құжаттарды қолдан жасау бойынша жіберілді.

Адвокат кінәсін толығымен мойындады. Сот оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және оған 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz