Алкоголь өнімдерін заңсыз саудалаған дүкен иесі анықталды (ВИДЕО)

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы дүкендердің бірінде алкогольді заңсыз сатқан азамат анықталды. Сауда орнынан 37 литр ащы су тәркіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамлют ауданында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың тағы бір фактісін анықтады. Дүкен иесі сыра мен коньяк саудалаған. Белгілі болғандай, кәсіпкерде оны сатуға лицензиясы болмаған. Құқық бұзушылықты «Қауіпсіз аула» акциясы аясында аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді.

– Алкоголь сатуға қатысты заңнаманы бұзу отбасылық зорлық-зомбылық, бұзақылық және ұрлық, басқа да қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне ықпал етеді. Себебі олардың көпшілігі мас күйде жасалады. Алкогольді заңсыз сатуға қарсы іс-қимыл – полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізетін жоспарлы профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі. Жыл басынан бері ауданда 278 литр заңсыз алкоголь тәркіленді, – дейді Мамлют аудандық ПБ бастығы Петр Климов.

sddefaultplay btn

Облыс бойынша қаңтар айынан бастап, учаскелік инспекторлар заңсыз сатылған 2667 литр құрамында спирті бар өнімді тәркіледі. Заңсыз кәсіпкерлікен айналысқан 83 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz