Петропавлда шағын өзендер суы қайта көтеріліп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі осы аптаның соңы мен келесі аптаның басында болады деп күтілуде. Қазір өңірдегі шағын өзендерде су деңгейі қайта көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен тәулікте Гусаковка елді мекенінің маңында Бабықбұрлық өзенінің деңгейі 148 сантиметрге, Ковыльное елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзені 79 сантиметрге, Северное ауылының маңында Шағалалы өзені 19 сантиметрге көтерілді.

Сергеев су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бөгеннің ернеуінен тасып аққан судың биіктігі – 124 см. 8 сәуірде мұнда ең жоғары көрсеткіш – 196 см тіркелген еді.

Сергеев бөгетінен төмен қарай Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен Покровка ауылының маңында су 88 сантиметрге жоғарылады, осылайша қауіпті меже – 950 сантиметрден 40 сантиметрге артып, өзен арнасынан шықты.

Су Новоникольское елді мекенінің маңында 79 сантиметрге, Долматово ауылының маңында 67 сантиметрге көтерілді.

Ал Петропавл қаласында бір тәулікте Есіл өзенінің деңгейі 195 сантиметрден 620-ға жетті. Мұнда өзен арнасынан таситын қауіпті меже – 1050 см.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті де жағдайды бақылауда ұстап отыр. Мамандардың айтуынша, Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі осы аптаның соңы мен келесі аптаның басында болады. 2017 жылғыдай өзен арнасынан шығып, жайылмаса да, жақын маңдағы саяжай учаскелері су астында қалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz