СҚО-да сепаратизмді насихаттағандар күдіктіге жатпайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмді насихаттауға қатысты тергеу аясында 18 адамнан жауап алынуда. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабы, 2-бөлігіне сәйкес «БАҚ-ты пайдалана отырып адамдар тобы арасында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс шеңберінде тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тәркіленген видеотасымалдаушы сондай-ақ әлеуметтік желілердегі сюжет бойынша сараптама тағайындалды, — деді Жандос Өмірәлиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының іс-әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды жасалады және бұлтартпау шарасы таңдалады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz