Айдарбек Сапаров: «Абаттандыру жұмыстары көңіл көншітпейді»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы абаттандыру жұмыстары облыс әкімінің көңілінен шықпай отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығының көшелерін қалыпқа келтіру, көгалдандыру жұмыстары сылбырт жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Мұны өңір басшысы әкімдікте өткен кеңесте тілге тиек етті. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, коммуналдық қызметке жауапты кәсіпорындар қалада тазалық орнатуға асығар емес.

– Қала көшелері ұсқынсыз күйде. Әр жерде қоқыс шашылып жатыр. Әсіресе мемлекеттік және жекеменшіктің иелігіндегі мекемелердің жаны аяқ алып жүргісіз.  Қалада коммуналдық қызмет мамандары мүлдем көрінбейді. Аялдама павильондары да кір. Неліктен бұл жұмыстарды ешкім қадағаламайды?– деп қала басшылығын сынға алды.

Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында Айдарбек Сапаров бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовқа абаттандыру комиссиясын құруды тапсырды.

– Петропавл және аудандардың әкімдері облыстың барлық елді мекендерін абаттандыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауы қажет. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт басқармалары қарамағындағы ұйымдардың аумақтарын абаттандыру жұмыстарын қолға алсын. Үш айдың ішінде облыс орталығы мен ауылдарды ретке келтіріп, тазалық орнату керек, – деді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz