СҚО-да абаттандыру ережесін бұзудың 4 мыңнан астам фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда абаттандыру ережесін сақтамаған 49 кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бизнес суъектілерінің иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша хаттамалар толтырылды.

Аталған баптың санкциясы ескерту жасауды немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбахтың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстардың мақсаты – елді мекендердің санитарлық әл-ауқатын нығайту және келбетін сақтау.

– Жыл басынан полицейлер облыс бойынша абаттандыру ережелерінің 4390 бұзушылығын анықтады, оның 565-і сәуір айында тіркелді, – дейді Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz