— Кездесу жақсы өтті, әрине, таңертең қобалжыдым, Болат Жамитұлымен бірге бардық, жалпы ойдағыдай өтті. Болашақ жоспарларым туралы айтып бердім. Алдағы матчтар туралы сөйлестік. Бұған дейін жеткен жетістігіме құтты болсын айтты, — деді Елена Рыбакина.
Рыбакина сонымен бірге Президенттен сыйлық алғанын айтты.
— Сағат және орамал сыйлады, — деді теннисші.
Ал теннисші Президентке кітап сыйлағаны белгілі болды.
14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.
Мемлекет басшысы халықаралық деңгейдегі мұндай іс-шараларды ұйымдастыру еліміздегі теннистің даму деңгейін арттыруға тың серпін беретінін айтты. Сондай-ақ Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған отандық теннисшілерге сәттілік тіледі.