Қойларын тауып берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да ауыл тұрғыны жоғалған 12 қойын тауып берген полицейге алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мамлют ауданындағы Дубровный ауылы тұрғынының ауласынан 12 қой жоғалады. Әуелі ер адам малды өз бетінше іздеген. Бұдан еш нәтиже шықпаған соң таңертең полициядан көмек сұрайды.

Қойларды іздеген жергілікті учаскелік полиция инспектор Әлібек Осипов алдымен ауылдық бейнекамераларды тексереді. Камераның назарына ілікпеген қойларды жергілікті тұрғындардың жөн сілтеуімен іздестіре бастайды. Бір сағаттан кейін жоғалған қойлар табылып, иесіне қайтарылды.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға малды мұқият қадағалап, еркін жайылымға жібермеу керектігін тағы да еске салады. Жоғалған жануарларды іздеу полицияның уақытын алады. Онымен қоса еркін жайылымда жүрген мал ұрылардың оңай олжасына айналады және жол-көлік оқиғасының себепшісі болуы мүмкін.

– Жыл басынан бері қаңғыбас мал үшін 14 адам жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының талаптарына сәйкес, еркін жайылымда жүрген мал үшін иесіне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Облыс бойынша үш айда еркін жайылым фактілері бойынша барлығы 409 хаттама толтырылды, – дейді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz