Сәуір айынан бері облыстың 33 елді мекенінде қураған шөп пен қамыстардың отқа орануының 39 дерегі тіркелді. Қызыл жалын шамамен 9,3 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өрт сөндіру қызметі мамандарының жедел әрекеті арқасында от уақытылы ауыздықталып, төтенше жағдай орын алған аумақтағы баспаналардан бес адам қауіпсіз жерге шығарылды.
— Белгілі болғандай, қамыстың өртенуіне жергілікті тұрғын кінәлі деп танылды. От темекі тұқылынан шықты. Салдарынан жақын маңда орналасқан қоқыс үйінділері қызыл жалынға оранды, – делінген СҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдемесінде.