Құтқарушылар саяжайларда рейд жүргізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Құтқарушылар саяжайларда рейд жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“Ракета” саяжай қоғамдастығында мамандар тұрғындармен тілдесіп, оларды сенбілік өткізуге шақырды. Бейберекет өскен ағаштарды, қираған қоршауларды ретке келтіруді өтінді. Себебі жақында мұнда өрт болыпты. Абаттандыру ережелерінің сақталмауынан қызметкерлер шақырту түскен орынға кеш жеткен.

– Көбіне қызыл жалын тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алады. Біз шақыртуға бірден шығамыз. Бірақ саяжайларда жол тар, кейбір адамдар маңайларын қоршап тастаған. Осындай себептермен кешігеміз. Жыл басынан бері қала маңындағы саяжайларда 58 өрт болды, – дейді қалалық ТЖБ инженері Бекзат Сердалинов.

Кездесу барысында мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамаларды таратты. Қала маңында 15-ке жуық саяжай қоғамдастығы бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz