Облыста желшешек жұқпасы өршіп тұр. Биылғы үш айда желшешекпен ауырудың 1078 жағдайы тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл облыста желшешек ауруын жұқтырғандардың 90 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Мамандардың айтуынша, бұл жұқпалы инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Облыс бойынша 21 балабақшаның жекелеген топтарында карантин енгізілді. Карантиндік шаралар соңғы науқас оқшауланған күннен бастап, 21 тәулік бойы жалғасады. Ауырғандардың 61 пайызы Петропавл қаласында тіркелді.
– Карантин енгізілген ұжымдарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Кейін бөлмені желдету отыру керек, – дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялыұ бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.