Петропавлда заңсыз ұйымның 3 мүшесі қамауға алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінген ұйымға қатысты сараптама нәтижесі шықты.  Өздерін «Халық кеңесі»  деге атаған топтың үш белсендісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы өткізген брифингте өздерін «Халық кеңесі» деп атаған топтың үш белсендісінің қамауға алынғанын хабарлады.

— Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады. Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, — деді СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби.

Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.

— Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды. Біреуі кәмелет жасына толмаған баласымен келген. Қалған 16 адам жұмыстарынан шеттетілген жоқ, қызметтерін жалғастырып жатыр. Олар бойынша шешім қабылданған жоқ. Кінәсі дәлелденген жағдайда жазаға тартылады. Тергеу барысы қатаң бақылауда. Кімнің қайда жұмыс істейтіндігі туралы, қалай бұл топқа қосылғандығы туралы әзірге ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады, — деді Ғани Жалби.

Естеріңізге салайық, 30 наурызда «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі бейнеролик бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің СҚО бойынша Департаментімен сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz