Облыста алғашқы рет педагог-психологтардың байқауы өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде алғаш рет білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында облыстық байқау өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық байқауды жоғары оқу орнының педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. Біріншісі сәуірдің 4-і күні өткен болатын. Онда барлық қатысушылар эссе жазған. Ал қорытынды сында педагог-психологтар тәжірибе алмасып, өздерінің кәсіби біліктіліктерін дәлелдейтін зерттеу жұмыстарын ұсынды.

– Байқауға Шал ақын, Айыртау және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының психолог мамандары келді. Әзірге биылғы сайысқа 9 адам қатысты. Келер жылы олардың қатары артатынына сенім бар, – дейді байқаудың ұйымдастырушысы Әсем Белгібекова.

Байқауға қатысқан педагог-психологтардың үздік жұмыстары өңірдің білім беру жүйесіндегі мекемелерде қолданылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz