Петропавл маңындағы 650-ге жуық саяжай учаскесін су басты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан су басқан саяжай учаскелерінің саны 650-ге жуықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан өткен тәулікте 30 саяжай учаскесі су астында қалған еді. Бүгін олардың қатарына тағы 642-сі қосылды.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, су басқан саяжай учаскелерінің 148-і Заречный кентіндегі «Труд», «Сатурн», «Строитель» және «Ренет» саяжай қауымдастықтарында орналасқан. Тағы 302 учаске Речпорт аумағындағы үш саяжай қауымдастығына тиесілі. Ал Хромзауыт ауданындағы «Элегия» саяжай қауымдастығында — 19, «131 км» деп аталатын ауданда – 24, Мичурино елді мекеніндегі «Первенецте» 67 учаске су астында қалды. Сондай-ақ, балық тәлімбағы ауданында – 33, «Учитель 1,2,3» саяжай қоғамдастықтарында – 98, «Буревестникте» — 51, «Изумрудта» — 21 саяжай учаскесі суда тұр.

Мамандардың айтуынша, Есіл өзенінің тасуынан тұрғын үйлерге су кірген жоқ, яғни зардап шеккендер тіркелмеді.

Ал «Челябі-Новосібір» халықаралық маңызы бар автожолы әлі жабық. Мұнда трасса үстінен өткен судың тереңдігі 55 см, ұзындығы 250 метрге жетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz