Суда абай болыңыз!

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ми қайнатар аптап ыстықта өңір тұрғындарының барлығы дерлік өзен-көлдерге ағылды. Осы орайда құтқару қызметі облыс тұрғындарын белгіленбеген жерде суға шомылмауға шақырады. Төтенше жағдай қызметкерлері демалушыларға түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Айта кету керек, шомылу маусымы басталғаннан бері рұқсат етілмеген су айдындарында 2 қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі qyzyljartv.kz-ке сілтеме жасап.

Шомылу маусымы басталғаннан бері рұқсат етілмеген су айдындарында суға шомылатындардың қатары көбеймесе, азаймай отыр. Тіпті, 112-ден арнайы ескертулер жіберілсе де оны елемейтіндердің қатары көп. Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлері шомылу маусымы басталғаннан бері 4 мың арнайы рейд жұмыстарын өткізіп қауіпсіздік ережелері жазылған 70 мыңға жуық жадынама таратты.

— Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында екі қайғылы оқиға орын алды. Өткен он жылға қарасақ суға рұқсат етілген жерлерде қайғылы оқиға орын алмаған, — дейді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ризабек Темірбеков.

Жедел құтқару жасағы осы шомылу маусымы барысында 15 адамды құтқарған, оның біреуі бала. Құтқарушылардың айтуынша шомылуға рұқсат етілген су айдындарында барлық жағдай жасалған. Судың деңгейі тексерілген, медициналық пункттер орналастырылған.

Айта кеткен жөн, облыс аймағында шомылуға рұқсат етілген 58 орын бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz