Облыстық халықты жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар ақпаратына сәйкес, өткен жылдан бастап өңірде «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту курстарын онлайн режімде ұйымдастыруға қолға алынды. Нәтижесінде білімдерін жетілдіргенге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілді. Биыл аталмыш бағдарлама бойынша оқып шыққандарға қарастырылған грант мөлшері 1 млн. 380 мың теңгеге өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Басқарма мамандарының көмегімен былтыр 605 адам жұмысқа тұрғызылса, 444 адам тұрақты жұмыс орнын тапқан. 97 адам уақытша жұмысқа орналасыпты.
– Өткен жылы курстар мен оқытудан 19 адам өтті және бизнес-идеяларын іске асырғысы келген 45 азамат аз қамтылғандар ретінде грантқа ие болды. Атаулы әлеуметтік көмекті былтыр 8 914 адам алса, биыл 9700 азаматқа берілмек. Бұл мақсатқа 787,3 млн. теңге қарастырылған. Бұл шаралар – табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар санын азайтудың амалы, – дейді СҚО халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Ринат Елжасов.