СҚО-ның түзету мекемелерінде кадр тапшылығы байқалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарды қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жиында белгілі болғандай, ішкі істер органдарында қызметке орналасуға ниет білдірген азаматтардың саны 42 пайызға өсті. Десе де, қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелерде жұмыс істегісі келетіндер қатары көбеймей отыр. Керісінше теріс динамика байқалады екен.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Әділет Мұстафин бұл мәселені шешу үшін жүйелі түрде агитациялық жұмыстарды қолға алып, түзету мекемелеріне қажетті мамандарды тарту бағытында жастармен кездесулерді өткізу қажеттігін алға тартты.

Сондай-ақ шарада өзге құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде ашылған қылмыстар саны артып, 108-ді құраған. Әділет Мұстафин мекемелерді үздіксіз бейнебақылаумен қамтамасыз етудің маңыздылығына және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz