СҚО өзендерінде судың деңгейі төмендеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы шағын өзендерде және Есіл өзеніндегі кейбір гидробекеттерде судың деңгейі төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте Бабықбұрлық, Қамысақты, Мұқыр, Шарық және Шағалалы өзендерінде судың деңгейі 2 см-ден 7 см-ге дейін, Возвышенка ауылы жанындағы Бабықбұрлықта 32 см-ге төмендеді. Ал Ковыльное ауылының маңымен өтетін өзенде су көтерілсе,, Иманбұрлық өзені мен үлкен Тарангұл көлінде судың деңгейі 4 см-ге азайды.

Тоқсан би ауылының жанымен өтетін Есіл өзенінің суы 9 см-ге, Петропавл маңында 5 см – ге, Долматово елді мекенінің маңында 13 см-ге көтерілді. Барлық басқа гидробекеттерде тұрақты түрде судың төмендуі байқалады.
Есіл ауданының Покровка ауылының жанындағы Есіл суының деңгейі тәулігіне 19 см-ге дейін төмендеді.
Сергеев су қоймасында бөгеттің жотасы арқылы толып кету 67 см-ді құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz