Облыста Есіл өзенінде судың қайта көтерілуі басталды. Тоқсан би ауылының маңындағы бекетте су бір тәуліктің ішінде 25 см-ге жоғарылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратына сәйкес, өзен суы әзірге тек Тоқсан би ауылында көтерілді. Сергеевкада – күніне 50 см, Покровкада – 23, Новоникольское ауылында – 16 см-ге төмендеді.
Кіші өзендерде судың деңгейі төмендей береді деп күтілуде. Үлкен Торанғұл көлінде керісінше 1 см-ге дейін көтерілу байқалды.