СҚО-да 9 тауарлы-сүт фермасы тұрғызылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылығы кешенін дамытуға қомақты қаражат құйылып, майлы дақылдар егілетін алқап аумағы 960 мың гектарға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге артты. Сондай-ақ 8 тауарлы-сүт фермасы қолданысқа беріліп, оған 13,3 млрд. теңге жұмсалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО экономика басқармасының жетекшісі Қуанышбек Қалижановтың айтуынша, «2021-2025 жылдарға облыстың кешенді әлеуметтік-экомикалық даму» бағдарламасы аясында бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.

– Биыл облыс аудандарында 8,5 мың ірі қараға шақталған 9 тауарлы-сүт фермасы тұрғызылады. Бұл мақсатқа 20,9 млрд. теңге бағытталады. Құс етінің импортын алмастыру бағытында өңірде 2 фабрика бар екенін атап өткен жөн. Бүгіндері «Eurasiаn Milk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты жұмысы қайта жаңғыртылып, кәсіпорын жылына 55 мың тоннаға дейін сүт өнімін өңдей алатын болды. Аймақтағы шошқа өсіретін кешен кеңейтіліп, оның сыйымдылығы 200 басқа жетті. Агроқұрылымдар 81,1 млрд. теңге сомаға 2,4 мың техника сатып алды. Биыл тағы соншама техника алу көзделген, – деді Қуанышбек Қалижанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz