Еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты саясат «азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден» «еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға» көшуді көздейді, — делінген құжатта.

Кешенді жоспар 4 негізгі даму бағытты қамтылған. Құжатта көрсетілгендей, алдағы 5 жылда еңбек нарығын ілгерілету үшін мына жұмыстар жасалады:

— «Сапалы жұмыс орындарын» есепке алу тұжырымдамасы мен әдіснамасын Нормативтік бекіту;

— Шағын және орта бизнес секторында жаңа кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

— Өз қызметкерлерінің құзыретін арттыру үшін кәсіпорындарды ынталандыру;

— Жастар тарапынан жұмыс орындарына өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін кәсіпорындарды қолдау тетіктерін құру;

— Тиімді ерте кәсіби бағдарлаудан бастап үздіксіз кәсіби даму мәдениетін енгізу және дамыту;

— Мүгедектігі бар адамдар үшін мүмкіндіктер жасау;

— CRIRSCO үлгісі бойынша әзірленген KAZRC Кодексі бойынша жария есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу;

— Шығындарды азайту және инвестицияланған ресурстардың кірістілігін арттыру арқылы өңдеу өнеркәсібінің тартымдылығын арттыру;

— Шикізат ресурстарын бөлу жөніндегі мемлекет мандатын пайдалану және жеке инвесторлар үшін ерекше жағдайлар жасау арқылы кеңістіктік дамуды ескере отырып, өңдеу өнеркәсібінде ірі капиталды және ғылымды қажетсінетін жобаларды дамытуды қолдау;

— Сараланған салалық салық ставкаларына көшу арқылы орта өнеркәсіптік компаниялар үшін фискалдық ынталандыруларды енгізу, оның ішінде ставкаларды төмендету және қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығын әкімшілендіру тәртібін жеңілдету.

— Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен өлімді азайтуға қаржылық ынталандыруды енгізу арқылы кәсіпорындарды еңбек қауіпсіздігін арттыруға ынталандыру.

Осы жұмыстарды орындау есебінен мына нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

— 2028 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендету;

— сапалы жұмыс орындарының санын 3,5 млн жұмыс орнына дейін ұлғайту.

Кешенді жоспар 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz