Үкіметте Президенттің кеңейтілген кеңесте берген тапсырмасын жүзеге асыру шаралары қаралды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында экономика салаларында өсудің қосымша көздері пысықталады. Тау-кен өндіру секторын дамытуға, оның ішінде ірі мұнай-газ жобаларын, өңдеу өнеркәсібін, АӨК, ШОБ және қызмет көрсету секторын жандандыруға баса назар аударылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Макроэкономикалық саясаттың теңгерімділігін жақсарту мақсатында бюджет тапшылығын азайту, мемлекеттік қарызды тұрақтандыру және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді қысқарту бойынша шаралар қабылданады. Бюджеттің теңгерімділігі мұнайға қатысты емес түсімдерді ұлғайту есебінен, оның ішінде тиімсіз салықтық жеңілдіктерді алып тастау есебінен қамтамасыз етіледі.

Инфляцияны төмендету мақсатында Ұлттық банкпен бірлесіп өзектендірілген тиісті Кешенді жоспарды іске асыру жалғасады. Ішкі нарықты отандық өніммен толтыру арқылы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға басты назар аударылатын болады. Бағаны тұрақтандыру жұмысының негізгі бағыты өнімсіз делдалдарды анықтау және болдырмау мақсатында өнім өндіруден сатуға дейінгі баға белгілеу тізбегін талдауға бағытталған.

Мысалы, бүгінде 1 389 тізбек талданып, оның 332-сінде сауда қызметін бұзу қаупі анықталды. Нақты фактілер анықталса мемлекеттік бақылау шаралары қабылданады. Атап айтқанда, жыл басынан бері 132 делдалдық схеманың жолы кесілді. Екібастұз энергия торабын кешенді түрде жаңғырту жүргізілетінін, бұл шамамен 3 ГВт жаңа генерацияны енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Екібастұз ЖЭО жаңғырту шеңберінде биыл:

  • ұзындығы 5,3 км жылу желілерін күрделі жөндеуді аяқтау;
  • 5 су жылыту қазандығы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • ЖЭО-ның 3 энергетикалық қазандығын, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жаңғыртуды соңына дейін жеткізу жоспарлануда.

Жалпы, экономиканың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеу үшін 2035 жылға дейін 17,3 ГВт жаңа қуаттар енгізіледі. 2029 жылға қарай республикада 147 мыңға жуық жұмыс орнын құру арқылы жалпы сомасы 33 триллион теңгеден асатын 800-ден астам инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде еліміз бойынша орташа есеппен коммуналдық желілердің 51%-ның тозығы жеткен. Әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен 2029 жылға қарай коммуналдық желілердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Сонымен қатар бүгінде 4 900 ауыл сумен жабдықтау қызметтерімен қамтылған. 2025 жылдың соңына дейін қалған 1 395 ауылдың мәселесі шешіледі. Бұл сумен қамтамасыз етудің еліміз бойынша көрсеткішін 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

— Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мемлекет басшысы үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар негізгі мақсат-міндеттерді айқындап берді. Оларды тиімді шешу үшін біз ең маңызды деген салаларда реформаларды іске асыруымыз керек. Реформалардың түпкі нәтижесі халықтың табысын ұлғайту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың жан-жақты дамуы үшін мүмкіндіктерді кеңейту арқылы азаматтардың тұрмыс сапасын барынша жақсарту болуы тиіс. Барлық өзгерістерді іске асыру мақсатында қуатты нарықтық экономиканы, оның ішінде өсудің жаңа қосымша көздері есебінен белсенді дамыту қажет. Қазіргі жағдайда біз нақты нәтиже көрсетуіміз керек, қоғам бізден нақты және пәрменді шаралар күтеді, — деді Әлихан Смайылов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz