Ауа райы болжамы: Елімізде сынап бағанасы 33 градусқа дейін көтеріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстан бойынша 2023 жылғы 25-27 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, күндіз ауа температурасының біртіндеп көтеріледі:

— Ауа температурасы күндіз батыс өңірде 23-30 градусқа дейін, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 20-27 граудсқа дейін, шығыста 15-23 градусқа, оңтүстікте 25-33 граудсқа дейін, оңтүстікте – шығыста 17-25 гарудсқа дейін көтерілетіні болжанды,  — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жауын, оңтүстік-шығыста, 25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста – қатты жауын-шашын болады.

— Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын болжанбайды, — дейді «Қазгидромет» РМК мамандары.

Республикада, синоптиктердің хабарлауынша, тұман, жел күшейеді, батыста және оңтүстік облыстарда – найзағай, шаңды дауыл, шығыста – түнде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz